Қазақстанның жеті қаласында ауа ластанады
Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.
08:12 27.01.2024
«2024 жылғы 27 қаңтарда Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!