{metadescription}
Жексенбіде боран соғып, қалың қар жауады
Қазгидромет синоптиктері 28 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Фото: Pexels
09:16 28.01.2024
Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!