Мектепте бомба бар деп қалжыңдаған балалардың ата-анасы 30 мың теңгеден айыппұл төледі
Әзілкеш оқушылардың ата-анасы жазаланды.
11:23 28.01.2024
Оқиға 17 қаңтарда Абай облысында болған. Полиция террористер туралы хабарламаға байланысты білім мекемесін қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады.
Кейінірек мектептегі террористік акт жайында 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірімнің хабарлағаны белгілі болды. Олар жедел желіге қоңырау шалған.
Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді себепсіз шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-анасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Екі оқушы есепке алынды. Олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!