Сыртқы істер министрі ресми сапармен Қырғыз Республикасына барды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қырғыз тарапының шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
09:07 29.01.2024
СІМ басшысын «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Бішкек қаласында болу бағдарламасына сәйкес Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, оның барысында қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, тәжік тарапының шақыруымен Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!