22 жасар қазақстандық күдікті Стамбулдан Алматыға депортацияланды
халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті 22 жасар қазақстандық азамат Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды – деп жазады kazinform.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
10:35 29.01.2024
Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияғакетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.
Күдіктіні ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесу арқылы ұстады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауы нәтижесінде қолға түсіп, отанына қайтарылды.
Ұсталған азаматқа қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің
257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.
Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!