{metadescription}
Павлодарда синтетикалық есірткіні жасырын түрде саудалаған күдікті ұсталды

Павлодарда синтетикалық есірткіні жасырын түрде саудалаған күдікті ұсталды

Тұрғыннан жалпы салмағы 40 грамнан асатын есірткі заттары тәркіленді.

Ол интернет арқылы «куратордан» нұсқаулықтар алып отырған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғынын қолға түсірді.

«38 жастағы жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын тыйым салынған заттарды қашықтан сатуға тырысқаны анықталды. Одан пластикалық контейнерлер мен психотроптық зат салынған пакеттер табылды. Азаматтың үйін тексере келгенде әлгіндей заттар салынған тағы 43 пакет, электронды таразы, көптеген бос полимерлі пакет, компьютер мен телефон тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған тауар синтетикалық есірткі болып шықты. Жалпы салмағы 40 грамнан асатын есірткі тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Нәтижесінде заңсыз бизнестің схемасы әшкере болды. Әлгі азамат «Курьер» деп аталатын интернет-мессенджерлерде хат алмасу арқылы «куратордан» есірткінің ірі партияларын жеткізу бойынша нұсқаулар алған. Кейін күдікті есірткіні белгілі бір жерлерге жасырып, оны есірткіге тәуелді азаматтар алып кетіп отырған.

Қазір күдікті қамауға алынып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.