{metadescription}
Көкшетауда мас жүргізуші бейнкамераға түсіп қалды

Көкшетауда мас жүргізуші бейнкамераға түсіп қалды

Көкшетауда спирттік ішімдік ішіп, көлік жүргізген азамат ұсталды. 

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 27-інде сағат 22:40 шамасында Көкшетау қалалық ПБ Жедел басқару ортылығының қызметкерлері Ғабдуллин және Әуелбеков көшелерінің қиылысында ер адамның мас күйінде «Лада Приора» көлігінің руліне отырып, жүріп кеткенін байқаған. 

«Мас адамның рөлге отырғаны туралы мәлімет патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарланып, көлік Баймұқанов 18 мекен-жайында тоқтатылды. Жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізіліп, сараптама қорытындысы бойынша орташа деңгейде мас болғаны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608 бабының 1 бөлігі бойынша «алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға беруі» әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деді ведомстводан.

Жүргізушінің сөзінше, ол Солтүстік Қазақстан облысынан Көкшетау қаласына тойға келген. Алайда, тойдан шығып, көлігіне отырғаны да бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.