Алдағы екі жылда әскери жиындарға неше адам шақырылады
Қорғаныс министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында 2025-2026 жылдары әскери жындарға неше адам шақырылатынын айтты.
Фото: Kazinform
16:18 29.01.2024
«2025 және 2026 жылы әскери жиындарға биылғыдай 3 мыңнан астам адам шақыру жоспарланып отыр», - делінген жауапта.
Сондай-ақ, жауапта шекарада борышын өтейтін мерзімді әскери қызмет сарбаздарының санын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгілейтіні айтылған.
«Қорғаныс министрінің бұйрығымен борышын өтеуге міндетті азаматтарды, запастағы әскерилерді әскери жиындарға шақыру көзделген. Ол жиындарға шақырылатындардың негізгі бөлігі мерзімді әскери қызметтен өткендер. Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеуге міндеттілермен шекарада әскери жиындар өткізбейді», - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!