Шымкентте даяшы қызды ұрған ер адамға қатысты тексеру басталды
Кафеге келген ер адам бойжеткен қызды ұрып, күш көрсеткен.
18:44 29.01.2024
Әлеуметтік желіде кафеде қызмет етуші қызға күш көрсеткен ер адамның видеосы тарады. Онда күдіктінің қызды ұрып-соққанын көруге болады. Абырой болғанда, қасындағы жігіттер араша түсіп, ажыратып алған.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама да тағайындалған.
Ал, желідегі жазбаға пікір білдірушілер ер адаммен бірге қызды да кіналап жатыр. Олардың ішінде «Наданшылық», «Ер адам қалмады ғой, қолды кесу керек», «Тілі ащы болып тұр ғой», «Не болғанын білмедік, бірақ адам қыз балаға қол көтергені дұрыс болмады», «Даусымен қосып тыңдау керек, барлық бәле тілден» деген жазбалар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!