Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды
Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі мәрте жер қозғалды.
Фото: Ақорда
08:27 30.01.2024
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым.
Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары