{metadescription}
Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: үйінді астынан екі адамның денесі шығарылды

Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: үйінді астынан екі адамның денесі шығарылды

Қарағанды ​​облысының Ботақара кентінде құтқарушылар тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан құлаған үй қирандыларының астынан екі адамның денесін алып шықты.

Оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның үшеуі - балалар. Еске сала кетсек, 2024 жылғы 30 қаңтарда сағат 00:07–де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан № 10 пәтерде жарылысболды.

Одан кейін пәтердің шатыры, оның қабырғалары мен жабындылары толық опырылып түсті. Сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан жалпы ауданы 300 шаршы метр № 7 пәтерге де қатты зақым тиді, оның қабырғалары да құлаған.

Үй 2014 жылы салынған. Оның жалпы ауданы 510 шаршы метр.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жарым-жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрады, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

«Сағат 00:11–ден 03:37–ге дейінгі аралықта құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан қаза болған екі адамның денесі шығарылды. Жарақат алған бес адам Бұқар жырау аудандық 
Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 нөмр бойыша сенім телефонын жұмыс істей бастады. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді» – деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылған.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде