Қазақстандық ауыр атлет Вячеслав Ершов қайтыс болды
Кеше қазақстандық спортшы, ауыр атлет Вячеслав Ершов өмірден өтті.
Фото: wf_rk инстаграм парақшасынан
09:40 30.01.2024
Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
«2024 жылғы 29 қаңтарда Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының қатысушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады, қайғыға ортақпыз», - деп жазды федерация өкілдері.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!