ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
10:05 30.01.2024
«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі
221 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!