{metadescription}
Қазақстан Түркия әскерилерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

Қазақстан Түркия әскерилерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

ҚР Қорғаныс министрлігі 2024 жылға жоспарланған әскери жаттығулар туралы түсінік берді. 

Бұл тұрғыда Түркия Қарулы күштерімен бірлескен «Қабылан жолы-2024» оқу-жаттығуы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен «Бірлестік-2024» командалық-штабтық іс-шарасы өткізілмек, деп жазады kazinform.

Мұнымен қоса, биылғы жоспарда осы жиындар ұйымдастырылады: 

- «Бекет - 2024» кешенді жаттығуы;

- әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың жедел-тактикалық «Ашық аспан-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

- Каспий маңы мемлекеттерінің (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей) бірлескен жаттығулары;

- жедел-тактикалық «Айбалта-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

- «Тосқауыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы.

«Бұл жаттығулардың бұрынғыларынан айырмашылығына тоқталсақ, оқу-жаттығу тұжырымдамасы геосаяси жағдайды, өңірдегі және әлемдегі ахуалды ескере отырып, жыл сайын өзгереді», - делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, екіжақты негізде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерімен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырылмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде