{metadescription}
Шымкент көшелерінде скутермен «қойылым» көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент көшелерінде скутермен «қойылым» көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды

Заң бұзушылықты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

Ірі сауда орталығының алдындағы автожолда жас скутер жүргізушісі бірнеше рет трюк жасаған. Мотокөліктің бір доңғалағын көтеріп, қатты жылдамдықпен кері бұрылған. Бұл әрекетін видеоға түсіріп, бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялаған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 3-бөлігімен хаттама түзілді.

«Ер азаматтың жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері жол жүру қағидаларын елемеудің салдары қайғылы болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмауға және заң бузушылықтарға жол бермеуге шақырады»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде