Тұрғын үйдегі газ жарылысы: зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Қарағанды облысының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады.
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
13:22 30.01.2024
Аудан әкімі барлығына қажетті көмек көрсетілетінін мәлем етті.
«Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамыз. Олардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз. Жергілікті атқарушы орган жергілікті сипаттағы ТЖ жариялады», - деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.
Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазКҚДИ (КазМИРР) сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлеріне орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешіледі. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
«Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде.
Жарылыстың алдын-ала себебі — газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды», - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!