Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана және еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
20:21 30.01.2024
31 қаңтарда Астанада қарлы боран соғады.
Жамбыл облысында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, екпінді жел соғады.
Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысында тұман түсіп, жел соғады.
Жетісу облысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Маңғыстау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ.
Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!