{metadescription}
Калифорнияда алты адамды атып өлтіріп, айдалаға тастап кеткен

Калифорнияда алты адамды атып өлтіріп, айдалаға тастап кеткен

Калифорнияның оңтүстігіндегі Мохаве шөлінен бірнеше адамның денесі табылғаннан кейін полиция бес адамды қамауға алды, деп хабарлайды BBC. 

Мәйіттер 23 қаңтарда Сан-Бернардино округінен табылған.

Полиция жергілікті уақытпен 20:15 кезінде зардап шеккендер мен оқ тиген жол талғамайтын көлік пен микроавтобусты тапты.

Полицияның хабарлауынша, алты адам да оқ жарақатынан қаза тапқан.

Сан-Бернардино тергеушілері атыс заңсыз марихуана өндірісіне қатысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

— Біз жанжалдың марихуанадан шыққанына сенімдіміз, — деді сержант Уоррик.

Тергеушілер жәбірленушілердің марихуана саудасы үшін сол жерде кездесуге келіскенін анықтады.

Қамауға алынған бес адам оқиға орнына келіп, әлгі алты адамды атып өлтірген.

2016 жылдан бері Калифорния ересектерге марихуана сатып алуға және тұтынуға рұқсат берген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.