Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматыға барды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматыға барды, онда 1-2 ақпанда Digital Almaty 2024: Х индустриясы цифрлық форумы және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстары өтеді.
Фото: primeminister.kz
13:19 01.02.2024
Digital Almaty форумында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары цифрлық жобалар көрмесімен танысып, пленарлық сессияға және Digital Almaty Awards жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады.
ЕҮАК аясында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары сауда-саттық, көлік және логистика, цифрландыру, құжат айналымы және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыламақ.
Сондай-ақ ЕҮАК алаңында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!