Өскеменде пышақ жарақатын алған екі оқушының жағдайы қалай
Өскемен қаласында пышақ жарақатын алған екі оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: Kazinform
15:35 01.02.2024
Кеше қаладағы орта мектептердің бірінде ерегесіп қалған екі оқушының бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберген. Ол өзіне де абайсызда дене жарақат келтірген еді, деп жазады kazinform.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы қалыпты.
«Болған оқиғадан кейін екеуі де бірден Ана мен бала орталығына жатқызылған. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқастардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары