{metadescription}
Көкшетауда полиция жастардың төбелесін тоқтату үшін қызметтік қару қолданды

Көкшетауда полиция жастардың төбелесін тоқтату үшін қызметтік қару қолданды

Полицияға 13 адам жеткізіліп, оның үшеуі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 ақпанда болған. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 61 және 62-баптарына сәйкес тәртіп бұзушыларды ұстау және қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу кезінде полиция қызметкерлері қызметтік қарудан бос патрондармен ауаға оқ атқан.

«Қабылданған шаралардың барысында 13 адам ұсталып, полицияға жеткізілді, оның үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде 293-бап бойынша жанжалдың себептері және өзге де мән-жайлары анықталуда. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде