{metadescription}
Қонаевтағы көпірді жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Қонаевтағы көпірді жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Қонаевтағы оңтүстік айналма көпір бір аптадан соң ашылады.

Бұл туралы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның басшысы мәлім етті.

Жанат Есмұхановтың сөзінше, көпір еуропалық тәсілмен жаңартылып жатыр. 

«Бұрын жалғанған жері бір ғана темірмен бекітілген болса, қазір сол жердің әрқайсысын екіге бөліп, арматура арқылы бетон құйып бекіттік. Үстінен мастика құйдық. Бір-бірімен жалғастырып тұрған тұста ауыр салмақтағы көліктердің ағымына шыдас беретін резеңке іспеттес материал болады. Арнайы генераторларды әкеліп, бетонды жылытып барып жұмыс істеп жатырмыз», - деді мердігер компанияның басшысы.

Сонымен қатар ол күрделі жөндеуді бастапқыда жоспарланған 1 ай мерзімге созбай, бір аптадан соң аяқтау үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқандарын жеткізді. Қазір мұнда екі ауысымда 10 адам жүр. 

 

Қала әкімі Нұрлан Құматаев, оңтүстік айналма көпірдің маңызды нысандардың бірі екенін айтты. 

«Біз үшін адамдардың қауіпсіздігі маңызды. Көлік қатынасы әрдайым халыққа ыңғайлы болуы тиіс. Көпірдің сапалы жасалып жатқанына көзім жетті. Құрылыс жұмыстары өзіңіз айтқандай, ерте бітсе, тіптен жақсы», - деді Нұрлан Құматаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде