{metadescription}
ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі тағайындалды

ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі тағайындалды

ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі болып Қырғызстан өкілі тағайындалды.

ҰҚШҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 ақпаннан бастап арнайы өкілдің қызметі ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадықовқа жүктелді.

- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі туралы» шешімін орындау үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілінің міндетін орындау ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадықовқа жүктелсін, - делінген ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың мәлімдемесінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.