{metadescription}
Алматылық нейрохирургтар омыртқасы 10 жыл бойы ауырған науқасты емдеді

Алматылық нейрохирургтар омыртқасы 10 жыл бойы ауырған науқасты емдеді

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 64 жасар науқас келіп түсті. Ол  сол аяққа  берілген  бел омыртқасының қатты ауруына шағымданды.

Зейнеткер түрлі клиникаларға барған, алайда жасына байланысты ілеспе аурулары, яғни жүрек ауруы, эндокриндік жүйе аурулары, артериялық гипертензия және ревматоидты полиартриттің болуына байланысты бәрі оны отаға алудан бас тартқан.

Орталық қалалық клиникалық аурухана нейрохирургтары науқасқа ота жасауға келісті.

Науқасқа  жасалған қажетті  қосымша тексерістен  кейін  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов төртінші және бесінші жанбас-бел деңгейінде Transforaminal lumbar interbody fusion отасын жасады.

«Отаның негізгі мәні жүйке тамырларын декомпрессиялау және "бос" омыртқаларды титан бұрандаларымен бекіту, сондай-ақ пластикалық немесе титан дене аралық имплантты орнату болды. Ота жалпы наркозбен жасалды және сәтті өтті», - дейді ОҚКА нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат  Алматов.

Науқаста эндокриндік бұзылыс және омыртқа остеопорозы болғанын ескере отырып, ота кезінде бұрандалар қатырылды.

Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды. Оның отаға дейінгі барлық шағымы 90%-ға кетті.

"Науқас белсенді жүре бастады, ауырсыну туралы ұмытып кетті және отадан кейін он екінші күні қуанышты күйде үйіне шығарылды. Ота нейронавигациялық жүйенің көмегімен жүргізілді", - дейді Алматов.

Нейронавигациялық жүйе бұл нейрохирургиядағы ең жаңа жабдық.

Бұл жүйе арнайы құрылғыларды қолдана отырып, дәл берілген құралдарды (электродтар, канюлялар) енгізуге мүмкіндік береді.

Құрылғылар енгізілген құралдар жинағын кеңістікке бағыттайды, кіру тереңдігін бақылайды. Осыған байланысты сау аймақтар зақымдалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде