Степногорде тұрғындар жылусыз және электр жарығынсыз қалды
Степногор қаласында жылу энергия орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар жылу және электр жарығынан ажыратылды.
17:28 10.02.2024
Қала әкімдігі қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлім етті.
«10 ақпанда сағат 13:27–де 220кВ КЕГОК желісі бойынша электр энергиясы сөндірілді, 14:07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілді, 14:15-те бесінші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды, 14:20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды, «Степногорск Теплотранзит» ЖШС сорғыларды іске қосады», - делінген Степногор қаласы әкімдігінің мәліметінде.
Осы ретте, әкмідік тұрғындарды сабырлы болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!