{metadescription}
Алматы маңында есірткі жасайтын зертханадан 8 келі мефедрон алынды

Алматы маңында есірткі жасайтын зертханадан 8 келі мефедрон алынды

Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы әшкереледі. 

Осылайша 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.

Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оны дайындайтын құрылғы мен компоненттер алынды.

Анықталған есірткінің «қара» нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.