{metadescription}
Ақтөбеде боранды күні жүргізушілер төбелесіп, бір адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Ақтөбеде боранды күні жүргізушілер төбелесіп, бір адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Боранды күні Самара-Шымкент тасжолында жүргізушілер төбелесіп қалды. Бірі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті.

Оқиға 6 ақпан күні тіркелген. Самара-Шымкент автожолында жүргізушілер төбелесіп қалады. Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда шетелдік алты жүргізуші қазақстандықты жабылып ұрып, өлтіріп қойғаны айтылады. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан біреуі жараланып, ауруханаға түскен. Ешкім жан тапсырмаған. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Жәбірленушіні ұрып, жаралаған күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерді анықтап, ұстау үшін шара қабылданған. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.