{metadescription}
Әскери колледжде 1-курс кадеті абайсызда өзіне оқ атып көз жұмды

Әскери колледжде 1-курс кадеті абайсызда өзіне оқ атып көз жұмды

Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде курсант қайтыс болғанын растады. 

«2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып алған. Салдарынан ол мерт болды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады» деп хабарлады ведомстводан.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

Қорғаныс министрлігі тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайтынын еске салды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.