Рудныйда интернет сапасы нашар болғаны үшін байланыс операторлары айыппұл төледі
Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологиясында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылғанын анықтады.
Фото: Pexels
10:44 14.02.2024
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторларына жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ олардың атына кемшілікті жою туралы нұсқама енгізілді.
Оны орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!