Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов депутат ретінде ант берді.
Фото: kaznpu.kz
10:21 14.02.2024
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді А. Қошмамбетов.
Сонымен қатар Айтуар Асқарұлы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!