Павлодарда екі бөгетті жөндеуге 2,2 млрд теңгеге заңсыз тендер жариялаған
Павлодар облысында жыл басынан бері 4,4 млрд теңгеге 25 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды.
Фото: Kazinform
11:17 14.02.2024
Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылында 1 млрд теңгеге гидромелиоративті жүйені қайта жаңарту жұмысына хабарландыру жариялаған.
Сондай-ақ осы ауданның Қаныш Сәтбаев ауылында гидромелиоративті жүйені қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді.
Екі жағдайда да жобалау-сметалық құжаттамада дамбаны қайта жаңарту көзделген.
Осы жұмысты жүргізуге қойылатын біліктілік талаптарында мемлекеттік лицензиясыз, яғни тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ шаруашылық жүргізуші субъектілер жіберілген, алайда бұндайға жол берілмейді.
Қадағалау актісі бойынша жарияланған конкурстың қорытындысы шыққанға дейін күші жойылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Павлодар облысының прокуратурасы жыл басынан 4,4 млрд теңгеге 25 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.
Қазіргі уақытта прокуратура 2024 жылға арналған бюджеттік жоспарлау сатысында шара қабылдап жатыр.
Мысалы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бюджеттік өтінімінде Аққулы ауданындағы Тосағаш және Майқарағай ауылдарында 25 млн теңге сомасына балалар алаңын жайластыру жоспарланған.
Осы өтінімдерді зерделеу екі ауылдық округте бірдей ойын кешендеріне 50%-ға жуық қымбаттатылған түрлі баға ұсыныстарын қолданғанын көрсетті.
Аталған факті бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!