{metadescription}
Алтын кеніште топырақ көшкінінен кейін 9 кеншімен байланыс үзілді

Алтын кеніште топырақ көшкінінен кейін 9 кеншімен байланыс үзілді

Түркияның Эрзинджан аумағындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні болды. Әзірге 9 кеншіден хабар жоқ. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 9 кеншінің зардап шеккенін, олармен байланыс үзілгенін хабарлады. Оқиға орнына көптеген іздеу-құтқару жасағы (шамамен 400 адам) жіберілді.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған барлық ресурстарды іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдыруды тапсырған.

«13 ақпан күні сағат 14:00 шамасында Эрзинджан провинциясының Илич ауданындағы шахтада көшкін болды және көшкін астында жұмысшылар қалып қойғаны хабарланды. Біздің басқарма қызметкерлері жіберілді, оқиғаны бақылап отырмыз», — деп мәлімдеді Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы. 

Эрзинжан губернаторы Хамза Айдогду Евфрат өзеніне цианидтің ағуы туралы айыптауларды теріске шығарып, топырақ көшкінінен басқа проблема жоқ екенін айтқан. 

Сондай-ақ, Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая TRT News тікелей эфирінде мұнда шахтадан алынған топырақтың жиналып қалғанын және оқиға топырақ жиналуының жылжуы салдарынан болғанын айтқан.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде