{metadescription}
Министр Алматыдағы университетте студенттердің жеке деректерінің таралуына пікір білдірді

Министр Алматыдағы университетте студенттердің жеке деректерінің таралуына пікір білдірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кетуі оқиғасына қатысты пікір білдірді.

«Жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы мәліметтерді заңсыз тарату – заң бұзу әрекеті саналады. Осы оқиғада заң бұзу дерегі бар екенін ескере отырып, оны бақылауға алдық. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады», - деді Саясат Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол жеке деректерді қорғау туралы заң бар екенін еске салды.

«Аталған оқиға - әкімшілік құқық бұзу дерегі. Бұл ретте, жеке мәліметтерге немқұрайлы қарау жағдайы болуы мүмкін. Сондықтан осы мәселені қатаң реттеу керек», – деді министр.

Бұған дейін қаладағы университеттердің бірінде  WhatsApp желісінде студенттердің тізімі бар құжаттар таралған. Онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа, олардың ЖСН-і, ұялы телефон нөмірі мен медициналық деректері бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде