{metadescription}
Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет мамандары 15-17 ақпанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Солтүстік-батыстан арктикалық антициклон Қазақстан аумағына жылжиды. Сөйтіп республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтиды. Ол аязды ауа райын әкеледі.

15 ақпан — шығыста, 16 ақпан — еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Көктайғақ, бұрқасын соғады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпан шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін суытады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.