{metadescription}
Президент Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: akorda.kz
15:31 14.02.2024
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!