{metadescription}
Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды

Куәгерлердің сөзінше, ол алтыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен. Жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

Павлодардың академик Бектұров көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде әйел адам терезеден құлап, жан тапсырды.

«Оқиға 13 ақпан күні кешкілік болған. 103 қызметіне Бектұров көшесі, 109 мекенжайы бойынша әйел адамның терезеден құлап кеткені туралы шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы шұғылдылықтың бірінші дәрежесі бойынша оқиға орнына 4 минутта жетті. 1973 жылғы әйел адам №1 қалалық аурухананың жансақтау және интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке қарай, ол алған ауыр жарақатының салдарынан 3 сағаттан соң көз жұмды», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем қызметінен.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде