{metadescription}
«Қазақфильм» АҚ президентінің екі кеңесшісі тағайындалды

«Қазақфильм» АҚ президентінің екі кеңесшісі тағайындалды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы президентінің екі кеңесшісі тағайындалды.

«Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол Қазақфильмнің шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», - деп жазды «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында. 

Одан бөлек, киностудияның өндірістік бағытын қадағалайтын кеңесші тағайындалған.

«Белгілі продюсер Еркебұлан Күрішбаев Қазақфильм ұлттық қиностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Еркебұлан Қазақфильмнің өндірістік бағытын қадағалайтын болады. Еркебұлан студиямыздың дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін», - дейді А.Сатыбалды. 

Сондай-ақ аталған тағайындаулар туралы «Қазақфильм» АҚ әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат жарияланды.

«Белгілі қазақстандық продюсер Еркебұлан Күрішбаев пен режиссер Қуаныш Бейсек Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы командасына қосылды», - делінген Instagram-дағы жарияланымда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде