{metadescription}
Қазгидромет: Елдің шығысында қатты қар жауып, бұрқасын болады
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Фото: ТЖМ
08:50 15.02.2024
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында, орталығында құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады. Еліміздің шығысында қатты қар жауып, бұрқасын болады. Қазақстан Республикасы бойынша – желдің күшеюі, тұман күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!