Қазақстанмен бұдан да жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз – Қатар Әмірі
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тани Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дохаға сапарының қорытындысына көңілі толатынын білдірді.
Фото: Ақорда
09:08 15.02.2024
«Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және біздің Катар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелеріне қатысты пікірталастарымызға ризамыз. Біз достас екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту механизмдері жайлы келістік және одан да жемісті ынтымақтастыққа, ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес тұрақты серіктестік орнатуға үміт артамыз, - деп атап өтті Қатар Әмірі Х әлеуметтік желісінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!