{metadescription}
Теміртауда дүкенде жарылыс болып, бір адам үйінді астынан шығарылды
Бүгін таңғы 08:06 кезінде Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Дүкен қирап, өртенген.
Фото: ТЖМ
09:34 15.02.2024
Тексеру және барлау барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды.
Үйіндіні бөлшектеп жатыр. Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.
23 адам, 5 техника оқиға орнына бара жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!