{metadescription}
Теміртауда жарылыс болған дүкеннің астынан бір әйелдің денесі табылды

Теміртауда жарылыс болған дүкеннің астынан бір әйелдің денесі табылды

Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды. 

Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады. 

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғанболатын. Дүкен опырылып, өртенген.

Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды.  

ТЖМ сағат 09:08 кезінде өрт оқшауланғанын хабарлады.

Үйінді астынан табылған марқұм дүкеннің сатушысы болған. Екінші зардап шеккен әйел — сауда жасауға келген қала тұрғыны.

Ол ауруханада жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде