{metadescription}
Алматы тауларында тоғыз қар көшкіні жүрді

Алматы тауларында тоғыз қар көшкіні жүрді

2024 жылдың 14 ақпанында Алматы тауларында қар көшкіні анықталды.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, 14 ақпан таңғы сағат 8:00-ден түскі 15:00-ге дейін Алматының Кіші өзені бассейнінде өздігінен қар көшкіні болды.

«Жалпы көлемі 4100 текше метр болатын, тоғыз қар көшкіні жүрді. Көшкіндердің басым бөлігі жолдар мен нысандардан алыс аймақтарда болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінен.

Мекемеден атап өткендей, аталған аумақта ескерту тақталары алдын ала орнатылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде