Алматыдағы Төле би көшесін ұзарту жұмысы қашан аяқталады
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты.
Фото: gov.kz
10:26 15.02.2024
Қала басшысының сөзінше, 2024 жылы Алматы әкімдігі 22 көшеге, 7 өткелге және Саин, Төле би көшелері мен Райымбек даңғылының қиылысындағы 2 жолайырыққа орташа жөндеу жүргізу жоспарда.
«Көлік легінің шамадан тыс көп болу мәселесін шешу үшін Төле би көшесін (Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартып салу жалғасуда. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған» - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі 2023 жылы 12 көше орташа жөндеуден, 45 учаскеде техникалық тротуарлар жабдықталғанын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!