БҚО-да 25 жастағы тұрғын супермаркетті тонап, 6 млн теңгені жымқырып кеткен
Ақсай қаласында супермаркеттен әкімгерді ұрып-соғып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен күдікті ұсталды.
Фото: БҚО полиция департаменті
13:19 15.02.2024
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 25 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
«Аталмыш күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алған. Содан кейін дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кіреді. Сол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табыс түсімін жымқырып кетеді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!