{metadescription}
Теміртаудағы газ жарылысы: дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы айтты

Теміртаудағы газ жарылысы: дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы айтты

Теміртау қаласындағы дүкенде газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды.  

«Әртүрлі дене бөлшегінде термиялық күйіктері бар науқас ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақаттық шок тіркелген. Науқас есін біледі. Қазіргі уақытта диагностикалық шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 8:06-да Теміртаудағы екі қабатты дүкенде газ жарылды. Құтқарушылар үйінділердің астынан 1973 жылы туған әйелдің денесін алып шықты. Белгілі болғандай, марқұм дүкен сатушысы болған. Ал екінші зардап шеккен әйелдің сауда жасауға келген қала тұрғыны екені анықталды. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. 

Айта кетейік, қазіргі кезде үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына барлығы 177 адам және 38 бірлік техника жұмылдырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде