Алматыда автобус өртенді
Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді.
Фото: Алматы ТЖД
15:34 15.02.2024
Төтенше жағдай бүгін, 15 ақпан түскі сағат 12: 38 шамасында болған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабаралады департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!