{metadescription}
Заңсыз ойын мен лотереяны насихаттайтын 4,5 мың интернет-ресурс блокталды — Маржықпаев

Заңсыз ойын мен лотереяны насихаттайтын 4,5 мың интернет-ресурс блокталды — Маржықпаев

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңсе сипаттындағы немесе оларды жарнамалаушы 4,5 мың интернет-ресурс пен сілтеме блокталды. 

Бұл туралы бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісінде Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Министр сондай-ақ аталған Алқа отырысында ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселесіне тоқталды. 

«Ойын бизнесі субъектілерімен белсенді жұмыс жүргізілуде, заңсыз ойын автоматтарының залдары жабылып жатыр. Мәселен, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңсе сипаттындағы немесе оларды жарнамалаушы 4,5 мың интернет-ресурс пен сілтеме блокталды. Бұдан бөлек Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде чат-бот іске қосылған. Ол арқылы азаматтар ойын бизнесі және лотерея субъектілерінің қызметіндегі бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Бүгінгі таңда келіп түскен 150-ден астам өтініш қаралуда», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде