{metadescription}
Павлодарда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

Павлодарда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

Баспананың иесіз тұрған ғимарат екені анықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 адам мен 4 техника жұмылдырылған.

«15 ақпан күні сағат 12.48-де Павлодар қаласында 2-өткел мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесіз тұрған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, бірден жалынды ауыздықтауға кірісті. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Оқиға орнынан 1985 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау сағат 14.44-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамның 16 қызметкері және 4 техника жұмыс істеді. Арнайы органдар үй ішінен табылған ер адамның кім екенін анықтап, өлім себебін тексеріп жатыр.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде