{metadescription}
Екі азамат көкнәр тұқымын сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Екі азамат көкнәр тұқымын сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Ақмола облысында көкнәр тұқымын сатқаны үшін 2 тұлға он жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.  

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азық-түлік дүкендерінің 2 иесін апиын қабаты және кептірілген көкнәр сабанының қоспасын бар көкнәр тұқымын сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.

«Дүкен иелері көкнәр тұқымын Көкшетау қаласының есірткіге тәуелді тұлғаларына көкнәр тұқымын килограммына 10 мың теңгеден сатқан» - делінген хабарламада. 

Прокуратураның мәліметінше, екі дүкенді тінту барысында 50-ден астам қап көкнәр, 500-ден астам химиялық сұйықтық бөтелкелері және 1 мыңнан астам медициналық шприцтер, есірткі саудасынан алынған ақша ағындары тіркелген кассалық журналдар тәркіленген.

Ақшалай есептегенде тәркіленген өнім 30 миллион теңгеден асады деп бағаланады.

Сотты болған азаматтардан қылмыстық жолмен алынған 1 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді.

Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды азық-түлік көкнәрінің үлкен көлемде сату фактілері анықталғаны туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде