{metadescription}
Елордада пәтерден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Елордада пәтерден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Астанада көпқабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.

«15 ақпан күні сағат 18:21-де Астана қаласы Төтенше жағдай департаменті бөлімшесі Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекенжайына барды. 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Пәтерден автокөлік сатысының көмегімен әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратта айтылғандай, өртпен күреске 26 маман және 7 техника жұмылдырылды, деп жазады kazinform.

«Пәтердің ас бөлмесінің (15 шаршы метр) төбесі, жиһаз (диван) және басқа да заттар жанған. Өрт сөндірушілер 30 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олардың арасында 3 адам, 12 бала және 1 сәби бар. Құтқарылған 3 адамды жедел жәрдем бригадасы тексеріп жатыр», - деді департаменттен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.